Компания туралы

"Ақтөбе металл конструкциялары зауыты" АҚ өнеркәсіп пен құрылыстың түрлі салаларында қолданылатын металл конструкцияларын өндіруге маманданған. Зауыт ғимараттардың, көпірлердің, сэндвич-панельдердің, блок-бокстардың, контейнерлердің, стандартты емес құрылымдардың және т.б. элементтерін жасайды.

"Ақтөбе металл конструкциялары зауыты" АҚ металл конструкцияларын жобалау, өндіру, монтаждау және жөндеу сияқты түрлі қызметтерді ұсынады.

Зауытта барлық техникалық және қауіпсіздік талаптарына сай келетін, орнықты әрі берік конструкцияларды жасауға мүмкіндік беретін заманауи жабдықтар мен жоғары білікті  қызметкерлері бар.

"Ақтөбе металл конструкциялары зауыты" АҚ өндіріс сапасына, экологиялық және әлеуметтік құндылықтарды сақтауға негізделген басымдықтарды мақсатты түрде қалыптастырады, уақытпен қатар жүреді, болашаққа сенімді қарайды!

РУСҚАЗENG
АО ”AZM” 7132 ₸ 5,04%